Модельдер тізімі

Дилерлер

RU

Модельдер тізімі

Дилерлер

Қазақстанда Chevrolet ресми дилері болыңыз!


Chevrolet — 100 жылдан астам тарихы бар жаһандық бренд, сенімділік пен жайлылықтың, сондай-ақ инновациялық технологиялардың символы. Chevrolet автокөліктері бүкіл әлем бойынша жоғары сұранысқа ие және миллиондаған автосүйер қауымның таңдауына айналған.


Бүгінде Chevrolet-тің ресми дистрибьюторы Қазақстандағы дилерлік желіні кеңейтіп, сенімді серіктестерді брендтің дамуына үлес қосуға шақырады.


Ынтымақтастықтың артықшылықтары:

  • Маркетингтік және техникалық қолдау - дистрибьютордан қажетті құралдар мен кәсіби кеңестердің толық жиынтығы
  • Қызметкерлерді оқыту-тұрақты тренингтер мен заманауи оқу бағдарламаларына қолжетімділік
  • Бірыңғай брендбук және стандарттар-әлемдік Chevrolet талаптарына сай дилерлік орталықты ашуға толық қолдау
  • Жергілікті өндіріс-Қазақстан аумағындағы жинақтау және өндіріс сенімді жеткізуді қамтамасыз етеді
  • Тікелей жеткізілімдер-автокөліктер мен түпнұсқа қосалқы бөлшектер тікелей өндірушіден  жеткізіледі
  • Әлемге танымал бренд беделі-бүкіл әлемге танымал және сенімді маркамен жұмыс істеу
  • Бизнестің дамыту-ресми желіге қатысу клиент сенімін арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады


 Ынтымақтастық шарттары:

  • 250 м2 астам аумақты жайдың/шоурумның болуы
  • Жабдықталған сервис орталығы
  • Автобизнес саласындағы тәжірибе
  • Қаржылық тұрақтылық


Қалай дилер болуға болады?

Келесі ақпаратты көрсетіп, төмендегі электронды поштаға хат жіберіңіз:
info-chevrolet@chevrolet-auto.kz

  • Аты-жөніңіз
  • Компания атауы
  • Қала
  • Байланыс телефоны


Біз сізбен талаптарға сәйкестігіңізді бағалау үшін жақын арада хабарласамыз.